Алматыда, ашық аспан астында, классикалық музыка майталмандарының қатысумен ерекше концерт ұйымдастырылды. Айтулы шараға мейман болып Самал Еслямова да келген.
Алайда кештің басты қонағы Винченцо болды. Италиядан арнайы келген тенор дауыс иегері, Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» әсем орындап, келген халықты сүйсіндірді.
Винченцо Констанцо (Италия), тенор:
Қиын, әрі қызықты болғанын жасырмаймын. Оркестрмен өзге тілде ән шырқау оңай емес. Дирижер Алан Бөрібаевқа алғысым зор. Оның қолдауымен, барлығын ойдағыдай алып шықтым деп ойлаймын.